Қырғызстан Иранмен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарды ұлғайтуды қалайды
https://itolqyn.com/news/world-i4318
Теһрандағы Қырғызстан елшілігінің бірінші хатшысы Иранды аймақтағы ең тұрақты ел деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 13, 2016 08:36 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Иранмен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарды ұлғайтуды қалайды

Теһрандағы Қырғызстан елшілігінің бірінші хатшысы Иранды аймақтағы ең тұрақты ел деп атады.

Асанбек Османәлиев Қырғызстан тәуелсіздігінің 20- шы жылдығына орай өткен ақпарат отырысында елінің қауіпсіздік мәселелері және лаңкестікпен күресте Иранның тәжірибелерін пайдаланатынын айтты. Асанбек Османәлиев Иран мен Қырғызстан арасындағы сауда- саттық көлемін 70 млн доллар деп мәлімдеп: "Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан осы уақытқа дейін саяси, экономикалық, қаржы салу және екі ел арасындағы консулдық түрлі салаларда 56 келісімшартқа қол қойылды" деді.