Әзірбайжан республикасы Абхазияда өткен сайлауды заңсыз деп атады
Әзірбайжан республикасының СІМ Абхазияда өткен президенттік сайлауды жасанды деп атап, оның нәтижесін ресми түрде танымайтынын мәлімдеді.
Әзірбайжан республикасының СІМ дүйсенбі күні таңертең (26 тамыз) мәлімдеме таратып, Грузияның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтып: "Баку үкіметі Абхазияда өткен президенттік сайлаудың нәтижесін қабылдамайды",-деп мәлімдеді.
Әзірбайжан СІМ-нің мәлімдемесінде, сондай-ақ, Баку үкіметінің диалогты жалғастырып, Абхазия қайшылығын бейбіт жолмен халықаралық құқықтар аясында шешу қажет деп санайтыны айтылған.
Әзірбайжан СІМ-нің мәлімдемесі бір жылдан бері осы ел мен Грузия арасында аумақтық және шекаралық мәселелер жөнінде текетірестер күшейген жағдайда жасалды. Баку мен Тбилиси басшылары жуырда екі елдің ақпарат құралдарында өзара қоқан-лоққылар деңгейін айтарлықтай көтерді. Осы текетірестер туындағанын ескеріп, сарапшылар Әзірбайжан СІМ-нің өзін-өзі жариялаған Абхазия республикасындағы президенттік сайлауға қатысты мәлімдемесін мағыналы әрі мәнді деп бағалады. Баку үкіметінің Абхазия республикасындағы президенттік сайлаудың өтуін айыптауы Грузияның Әзірбайжанға қарсы қатынасын сәл де болса жұмсартуы мүмкін. Әзірбайжан республикасының Грузияға қуат көздерін тасымалдайтын жолдар үшін тәуелді болып отырғанын ескеріп, Баку басшылары Грузияға қатысты абайлап әрекет етеді. Шын мәнінде Әзірбайжанның қуат көздерін тасымалдайтын күре жолдар Грузия арқылы өтеді. Текетірес туындаған жағдайда екі елдің қарым-қатынасында кез келген ащы оқиға орын алуы мүмкін.
Ал бұл жағдайда Әзірбайжан республикасының үкіметіне бағынышты органдар бұрынғы кезеңдерде де Абхазия мен Оңтүстік Осетия сияқты Грузиядан тәуелсіздік талап ететін аймақтарда президенттік және парламенттік сайлаулардың өтуін айыптаған. Баку үкіметінің мұндай қатынасының дәлелі айқын. Өйткені Әзірбайжан республикасының өзі бөлінуді талап ету мәселесіне тап болып отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Әзірбайжан республикасы мен Армения арасында Таулы Қарабақ аймағына ие болу мәселесіне қатысты қайшылық басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Абхазия автономды республикасында президенттік сайлаудың өтуіне қарсылық білдіру Таулы Қарабақ автономды республикасында сайлаудың өтуіне қарсылық білдіру екені айқын.
Айта кету керек, Абхазия Кавказ аймағында, Қара теңіздің шығыс жағалауында орналасқан. Онда шамамен 242 мың адам тұрады. Ауданы 660 шаршы шақырым. Саяси сарапшылардың пайымдауынша, Абхазия азаматтарының негізгі талаптары бұл аймақта өмір сапасын жақсарту, қылмысты азайту, жемқорлықты жою және бюрократияны азайту болып табылады. Абхазия халқы осы күнге дейін сайлау бәсекесіне түсіп, олардың талап-тілектерін орындай алатын саясаткер таппады. Сол себепті сайлауға аса көңіл бөлмей отыр. Осыған қатысты Абхазиялық тілші әрі саяси-экономикалық мәселелер бойынша сарапшы Инал Хашик мынадай пікірде: «Сайлау халық пен дауыс берушілердің немқұрайлылығы тұрғысынан бұрын‑соңды болмаған сайлау саналады, өйткені халықтың көбі кімге дауыс берерін білмейді немесе мүлде дауыс бермейді».
Бұған қарамастан Абхазия Орталық сайлау комиссиясы сайлауға бұл аймақтың 70 пайыздан астам дауыс берушісінің қатысқанын хабарлады. Грузия Конституциясында Абхазия «автономды республика» деп танылған. Алайда Абхазияның саяси статусы Грузияның орталық үкіметі мен Абхазия арасындағы негізгі қайшылықты мәселе болып отыр. Және бұл мәселе Грузия мен Ресей қарым-қатынасындағы текетірес себептерінің бірі саналады.