АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғыс күшеюде
АҚШ үкіметі 300 миллиард долларға бағаланған Қытай тауарларына арналған тарифтерді 10 пайыздан 15% дейін көтерді.
«Спутник» ақпарат арнасының мәліметінше, АҚШ-тың ресми баспасөз ұйымы сәрсенбіде Америкаға енгізуге арналған 300 миллиард долларға бағаланған Қытай тауарлары тарифтерінің 10 пайыздан 15% дейін көтерілгені туралы жариялады. Дональд Трамптың жариялауынша, жаңа тарифтер ағымдағы 2019 жылдың қыркүйек айының бірінен қолданылады. Бірақ АҚШ Президенті ұялы телефондар, ноутбуктар мен видео ойындар және кейбір қытайлық киімдер мен аяқ-киімдер тарифтерін көтеруді 15 қыркүйекке қалдырды.
Бұдан бұрын 23 тамызда Қытай кеңесі де АҚШ-та өндірілген шамамен 75 миллион долларға бағаланған тауардың бағасын 5-10% көтеру шешімі туралы хабарлады. Бұл шешімнің бір бөлімі 1 қыркүйектен және басқа бөлімі 15 қыркүйектен іске асырылады.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғыстың күшеюі АҚШ-тың ішіндегі және сыртындағы алаңдаушылықтарды арттырды.