Қыр 01, 2019 01:33 Asia/Almaty
  • Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау және Парсы шығанағының қауіпсіздігі нығайту қажеттігін қуаттады

Еуроодақ еуропалық үштікпен бірге 4+1 тобы аясында ядролық келісімді сақтау және сонымен қатар АҚШ-тың Парсы шығанағында текетірес тудырып жатқанын ескеріп, осы геостратегиялық аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау қажеттігін қуаттады.

Осыған орай, Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің екікүндік отырысының қорытынды мәлімдемесінде барлық мүшелер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау және Парсы шығанағының қауіпсіздігі нығайту қажеттігін қуаттады. Бұл отырыс бейсенбі және жұма күндері Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында өтті. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини Хельсинки отырысы аяқталғаннан кейін: «Еуропа 2015 жылы әлемдік алпауыттардың Иранмен келіскен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтауға талпынуды жалғастырумен қоса, оны сақтау үшін жасалып жатқан кез келген істі қолдайды»,-деді.

Еуроодақтың жоғары басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау туралы сөздері мен ұстанымдарына қарамастан, маңызды мәселе осы салада іс жүзінде қадамдар жасау болып отыр. Өйткені осы уақытқа дейін әртүрлі себептермен сындарлы қадам жасалмады. Бұл Иранның реакциясын тудырды. Теһран осы күнге дейін екі кезеңде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қадам жасады. Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындау бағытында қадамдар жасадық, соның ішінде INSTEK деп аталатын қаржы механизмін таныстырдық деп уәж айтады, бірақ өздері бұл механизмнің АҚШ-тың 2018 жылдың мамыр айында ядролық келісімнен шыққанынан кейін Иранға қарсы біржақты әрі ауқымды санкцияларының кері салдарын азайта алмағанын мойындады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини жұма күні INSTEK қаржы айналымының әлі қорытындыланбағанын айтып: «Бұл механизмнің іске қосылуына біраз уақыт керек»,-деді. Бұл мәселе Еуроодақ пен еуропалық үштіктің Иранға берген уәдесіне қайшы екені анық. Сондықтан олар Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан пайда көрмей, оған берік болып қалады деп күтпеулері керек.

Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлері баса айтқан тақырыптардың  бірі Парсы шығанағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау қажеттігі болды. Могерини: «Еуроодақтың осыған қатысты басты әрі маңызды жолдауы – текетіресті азайту, қайшылықтан бас тарту және диалог желілерін ашық ұстау»,-деді. Еуропалықтар АҚШ-тың саясаттары мен шараларының Парсы шығанағындағы қайшылықтардың басты себебі екенін ұмытып кеткен сыңайлы. Вашингтонның бұрын‑соңды болмаған экономикалық санкциялары екі ел арасында текетірестің артуына себеп болды. Соның салдарларының бірі Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағында соңғы айларда орын алған өзгерістер болды. Бұл жағдайда АҚШ өз әскерилерінің санын арттырып, әзірге үш мүшесі ғана бар халықаралық теңіз коалициясын құру арқылы Парсы шығанағында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Тегтер