Солтүстік Корея жер серігін тасымалдаушы зымыран ұшырды
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның жер серігін тасымалдаушы зымыран ұшырғанын хабарлады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ескертулеріне қарамастан бүгін, жексенбі күні таңертең бір жерсерігін тасымалдаушы баллистикалық зымыранды ұшырғанын хабарлады.
Солтүстік Корея ғарыштық бағдарламасының толығымен бейбіт мақсатты көздейтінін айтып отыр. Алайда АҚШ пен оның одақтасы бұл бағдарламаның астарында құрлықаралық баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламасының тұрғанына сенімді.
Осындай жағдайда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Американың БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің әріптестігімен Солтүстік Кореяның жер серігін тасымалдаушы зымыран ұшыруына жауап беру үшін маңызды шара қолданатынын айтты.
Джон Керри бір мәлімдемесінде сонымен қатар Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран технологияларын пайдалануын БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын айқын түрде бұзушылық деп атады.
Керри осы мәлімдемеде АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы екі одақтасы – Жапония мен Оңтүстік Корея алдындағы қорғаныстық міндетін "темір жұдырық" міндеті деп атады.