Қыр 06, 2019 14:29 Asia/Almaty
  • Зарифтің Могериниге хаты: Иран

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могериниге хат жазып, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасағанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ ақпарат хатшысы осы хаттың егжей-тегжейі жайлы: "Зариф бұл хатта Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында зерттеу мен дамуға қатысты барлық міндеттемелерін орындаудың тоқтатылғанын жариялап, Теһранның бұл шараның техникалық өзгерістерін кейін АҚХА-ға жолдайтынын айтты",-деді.

Сейіт Аббас Мусави: "Иранның бұл шарасы Теһранның осы келісімдегі, соның ішінде 36-бабындағы құқығын қамтамасыз ету мақсатында және 16 айдың ішінде осы келісімнің үздіксіз әрі ауқымды түрде бұзылуына жауап ретінде жасалды",-деді.

Тегтер