БҰҰ: Йеменде әрбір 2 сағатта бір әйел көз жұмады
БҰҰ жұма күні жасаған мәлімдемесінде: «Әрбір 2 сағатта Йеменде бір әйел медициналық инфрақұрылымның жоқтығынан және азық-түлік тапшылығынан көз жұмады»,-деп хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ бұл мәлімдемеде Йеменде ауруханалардың жабылып жатқанына тоқталып: «Йеменнің Дүниежүзілік қаржы қорының қолдауына ие болып отырған жалпы 268 ауруханасынан осы күнге дейін 100 аурухана жабылды. Қазіргі жағдай мен бюджеттің азайғанын назарға алсақ, қыркүйектің соңына дейін тағы 75 аурухана жабылады»,-деп еске салды.
БҰҰ: «Йеменде ауруханалардың жабылуы медициналық қызметті қажет ететін 650 мың әйелдің өміріне тікелей әсер етеді»,-деді.
БҰҰ-ға қарасты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) жуырдағы бір есебінде Йемендегі гуманитарлық жағдайды өте ауыр деп атап, соғысқа ұшыраған бұл елдің 18 млн халқының азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмегенін ескертті.