Трамп Талибан басшыларымен құпия отырыстан бас тартты
АҚШ Президенті сенбі күні кешке Кэмп-Дэвидте өтуі тиіс болған Талибан басшыларымен құпия отырыстан бас тартқанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісінде бұл құпия отырыс пен "Ауғанстан бейбітшілігі" деп аталатын келіссөздерден Талибанның бейсенбі күні Кабулда болған жарылысқа жауапкершілікті мойнына алғаннан кейін бас тартқанын айтты.
Трамптың айтуынша, ол бүгін, жексенбі күні Кэмп-Дэвидте жеке-жеке Талибан басшылары және Ауғанстан Президентімен кездесуі тиіс болатын.
Бейсенбі күні Кабулда болған жарылыста 12 адам, соның ішінде 1 америкалық сарбаз қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды.
Бұдан бұрын АҚШ пен Талибан өкілдері арасындағы бейбітшілік келіссөздерінің 9 кезеңі Катардың Доха қаласында өтті. Алайда олардың нәтижесі белгісіз болып қалды.
Қызыл Крест халықаралық комитетінің Ауғанстандағы кеңсесі жуырда Катарда өткен Талибан мен АҚШ арасындағы бейбіт келіссөздер үдерісін Ауғанстанда соғыстың таралуының факторы деп атады.