Зариф: "Б" тобы 11 қыркүйек күнгі лаңкестердің көбін қамтамасыз етті
(last modified Thu, 12 Sep 2019 10:38:31 GMT )
Қыр 12, 2019 16:38 Asia/Almaty
  • Зариф:

Иран Сыртқы істер министрі 11 қыркүйек оқиғасының жылдығы күні "Б" тобының осы оқиғадағы рөліне тоқталып: "Бұл топ 11 қыркүйек күнгі лаңкестердің көбін қамтамасыз етіп, АҚШ-ты Ауғанстан мен Ирак батпағына итермеледі",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің айтып отырған "Б" тобына әлемдегі бірнеше соғысқұмар адам, соның ішінде сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху, саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман, БАӘ-нің тақ мұрагері Мұхаммад бен Заид және Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон кіреді. Олардың есімдерінің немесе лақаптарының бірінші әрпі "б"-дан басталады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Б" тобы экономикалық лаңкестік арқылы 11 қыркүйек оқиғасы құрбандарының құрметіне шам жаққан ирандықтармен соғысуды жоспарлап отыр",-деп жазды.

Зариф: "11 қыркүйек оқиғасының АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео үшін әлі күнге дейін қорқынышты түстей болып отырғаны таңданыс тудырмайды",-деді.