Путин Сирияның ұлттық егемендігін құрметтеу қажеттілігін қуаттады
Ресей Сыртқы істер министрі бұл елдің Президенті Владимир Путинның Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяхумен кездесуінде Сирияның ұлттық егемендігі мен террториялық тұтастығын құрметтеу қажеттілігін қуаттағанын жариялады.
«Ресей әл-Яум» телеарнасының мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбіде: «Путин мен Нетаньяхудың кездесуінде АҚШ пен Еуропаның Сирияның заңды үкіметіне қарсы санкцияларының теріс әсері қуатталды. Путин мен Нетаньяху Мәскеудің Сирияның заңды үкіметін қолдау әрекеттері мен Идлиб аймағындағы лаңкестерге қарсы күресі туралы пікір алмасты»,- деді. Бұл мәлімдеме бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі бұл заңсыз режимге қарсы қауіпсіздік қоқан-лоққыларға алаңдаушылығын білдірді. Сионистік режим премьер-министрі өз алаңдаушылықтарын бұл басқыншы режим үнемі лаңкестерді қолдап, Сирияның Армиясы мен инфрақұрылымдарын нысанаға алып отыған жағдайда білдіруде.