Еуропалықтар Нетаньяхудың Йордан өзенінің батыс жағалауына байланысты жобасын айыптады
(last modified Fri, 13 Sep 2019 10:49:45 GMT )
Қыр 13, 2019 16:49 Asia/Almaty
  • Еуропалықтар Нетаньяхудың Йордан өзенінің батыс жағалауына байланысты жобасын айыптады

Еуропалық бес мемлекет, атап айтқанда Франция, Германия, Италия, Испания мен Британия бейсенбіде ортақ мәлімдемесінде сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың сайлау алдындағы Йордан өзенінің батыс жағалауынның бірақатар аймақтарын басып алынған жерлерге (Израиль) қосуы туралы уәдесін айыптады.

 

ИРНА-ның мәліметінше, Франция, Германия, Италия, Испания мен Британия ортақ мәлімдемесінде: «Нетаньяхудың Йордан өзенінің батыс жағалау туралы жобасы - халықаралық заңдарды әшкере бұзу»,- деді.  Сионистік режимнің премьер-министрі өткен сейсенбіде бұл режимнің парламенттік сайлауында жеңіске жеткен жағдайда, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы бірқатар аймақтарды басып алынған жерлерге қосатынын жариялады. Осы кезге дейін  халықаралық ұйымдар мен елдердің көбі, олардың ішінде ИИР сионистік режимнің премьер-министрінің сайлау алдындағы уәдесін айыптады.