Вашингтон-Талибан келіссөздері жеңіліс тапты
(last modified Sat, 14 Sep 2019 12:34:38 GMT )
Қыр 14, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Вашингтон-Талибан келіссөздері жеңіліс тапты

АҚШ пен Талибан келіссөздері жеңіліс тапқаннан кейін Конгрестің Өкілдер палатасының сыртқы қатынас комитеті осы елдің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілін осы жеңілістің себептерін түсіндіру үшін шақырды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасының сыртқы қатынас комитетінің басшысы Элиот Энгель жұма күні: "Осы елдің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад осы комитеттің ашық жиналысына куәлік беру үшін шақырылды",-деп мәлімдеді.

Энгель: "АҚШ Мемлекеттік департаменті Талибанмен бейбіт келіссөздерге қатысты түсініктеме беру туралы өтінішті бірнеше рет жауапсыз қалдырғаннан кейін Халилзадты шақырту хатына қол қойдым",-деді.  

АҚШ Өкілдер палатасының жиналысы алдағы бейсенбіде өтеді деп жоспарлануда.