Франция полициясы «сары күртешелілерге» қарсы қатігездігін жалғастырып жатыр
(last modified Sun, 15 Sep 2019 08:02:50 GMT )
Қыр 15, 2019 14:02 Asia/Almaty
  • Франция полициясы «сары күртешелілерге» қарсы қатігездігін жалғастырып жатыр

Франция үкіметінің экономикалық саясатына наразылар сенбі күні осы елдің әртүрлі қалаларында митинг ұйымдастырып, өз наразылықтарының 44-ші сенбісін өткізді. Бірақ Нант қаласында полиция қызметкерлерінің бір наразыға көрсеткен дөрекі қатынасы түсірілген бейнетаспаның таралуы Францияның ақпарат құралдары мен қоғамдық пікірінің ашу-ызасын тудырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы уақытқа дейін 14 мың адам көрген және Twitter-де шамамен мың рет қайта жарияланған бұл бейнетаспада Францияның 5 полиция қызметкері наразылардың біріне шабуыл жасап, оны соққыға жығып, артынша қамауға алды.

Әлеуметтік желілерді қолданушылар Франция полициясының өткен аптағы наразылық акциялары барысында көрсеткен дөрекі қатынасының салдарлары туралы суреттерді тарату арқылы мұндай қатынасты сынаумен қоса: «Полицияның батылдығы Макрон саясатының диктаторлық сипат алып бара жатқанын көрсетеді»,-деп жазды.

 

Тегтер