АҚШ Сирияның Хасака провинциясына 150 жүк көлігімен қару-жарақ жіберді
Қыр 16, 2019 19:21 Asia/Almaty
АҚШ халықаралық заңдарды бұзу және Сирияның егемендігіне шабуыл жасау саналатын әрекетінде Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасака провинциясына қару-жарақ тиелген 150 жүк көлігін енгізді.
Сирияның САНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, әскери жабдықтар тиелген бұл көліктер Хасаканың солтүстік-шығысындағы ең алыс аймағындағы әл-Малекие қаласына енді. АҚШ бұл қару-жарақты Сирияның демократиялық күштеріне жіберді. Вашингтонның мақсаты бұрынғы жобаларын, яғни аймақты тұрақсыздандыруды жалғастыру. АҚШ бұл көмектерін Сирияның демократиялық күштері сириялық жастарды тұтқындап, өздері бақылайтын аймақтағы әскери базаларға аттандырып отырған жағдайда жіберді
Тегтер