АҚШ халықаралық нарықтағы мұнай бағасын бақылауға алуға талпынуда
(last modified Mon, 16 Sep 2019 14:45:39 GMT )
Қыр 16, 2019 20:45 Asia/Almaty
  •  АҚШ халықаралық нарықтағы мұнай бағасын бақылауға алуға талпынуда

Йеменнің қарсыласу ағымының Сауд Арабиясының мұнай зауыдтарына жасаған шабуылы Вашингтонның шапшан реакциясына себеп болды. Бұл шабуылдар Сауд Арабиясы өндіретін мұнай мөлшерінің азаюы мен халықаралық нарықтағы алаңдаушылықтарға әкелді.

 

АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі кешке  Йемен ұшқышсыз ұшақтарының Сауд Арабиясының мұнай зауыдтарына жасаған шабуылдары және бұл шабуылдардың мұнай бағасына әсерін тигізуіне байланысты нарықты сақтап қалу үшін бұл елдің стратегиялық мұнай қорынан пайдалануға рұқсат берді. Бұл шешім Вашингтонның  мұнай бағысының өсуіне қатысты алаңдаушылықтарының артуына байланысты қабылданды. Мұнай мәселелері жөніндегі сарапшылардың болжамдары бойынша, Сауд Арабиясы өндіретін мұнай мөлшердің жартысын қысқарту мақсатты көздеген йемендік ұшқышсыз ұшақтардың бұл елдің мұнай  зауыдтарына жасаған шабуылдарынан кейін мұнайдың әр баррелінің бағасы 10 долларға артады. Сөйтіп Сауд Арабиясының мұнай зауыдтарына жасалған шабуылдан кейін дүйсенбі күн басталған мәмілелерде Брент шикі мұнайының бағасы 19% артып, 71 доллар 95 центке  жетті. Блумберг арнасы да мұнай бағасының 19% өскені жөнінде хабарлады.Трамп мұнай бағасын бақылауға алу саласындағы АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорынан пайдалану шешімімен екі мақсатты көздеді. Халықаралық тұрғыдан Трамп әлемдік нарықтағы мұнай бағасын  төмендетуге талпынуда. Вашингтон мұнайдың бағасы қазіргі жағдайдан төмен болуын қуаттауда. Осы салада Трамп Ақ үйге енгеннен бері үнемі Батыс Азиядағы араб одақтастары, әсіресе Сауд Арабиясынан мұнай өндірісін арттыруды және нәтижесінде Вашингтонның  сұраныстарын орындауды талап етті. Әрине Вашингтонның Иран мен Венесуэлаға қарсы мұнай санцияларынан кейін бұл мәселе маңызды болуда. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшақтардың Сауд Арабиясы  мұнай зауыдтарына жасаған шабуылы оларға көптеген шығын келтірді. Мамандардың айтуынша, Йеменнің қарсыласу ағымының ұшқышсыз ұшақтарының шабуылдары Арамко мұнай компаниясының инфрақұрылымдарына көптеген әрі қысқа уақытта орны толмас шығын келтірді. Трамп АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын пайдалану шешімімен  ішкі мақсатты да көздеді. Трамптың мұнай бағасын төмендетуінің мақсаты - мұнай өнімдері, әсіресе елдің ішіндегі бензин бағасын арзандату. Экономикалық жағдай, әсіресе америкалық дауыс берушілер үшін бензин бағасын қымбаттатпау Трамптың 2020-шы жылдағы президенттік сайлауда көбірек дауыс жинауы үшін маңызды. Өйткені, егер бензин бағасы қымбаттаса, Америка халқы Трамп үкіметін Йемен соғысында саудиялық режимге жан-жақты қолдауы көрсетуі үшін йемендіктердің саудиялық мұнай зауыдтарына шабуыл жасап, нәтижесінде мұнай мен мұнай өнімдерінің бағасының артуына кінәлі деп санайтын болады. Олай болса, Трамп сайлау дауыстарынан айырылады.