Иран Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке жол тартты
(last modified Fri, 20 Sep 2019 12:54:22 GMT )
Қыр 20, 2019 18:54 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке жол тартты

Иран Сыртқы істер министрі бүгін, жұма күні Теһраннан Нью-Йоркке жол тартты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанды.

Зариф дүйсенбі, 16 қыркүйекте Нью-Йоркке баратын болған, бірақ АҚШ үкіметі жауластық әрекетте ирандық делегацияға визаны кешеуілдетіп берді.

АҚШ үкіметі осыдан бұрынырақ (өткен шілде айында) Иран Сыртқы істер министрінің БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жоғары дәрежелі отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары барысында оған қатты  шектеулер қойды.