Джимми Картер: Трамптың қайта сайлануы апат болады
https://itolqyn.com/news/world-i43509
АҚШ-тың бұрынғы Президенті осы елдің халқынан алдағы президенттік сайлауда Дональд Трампқа дауыс бермеуді сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2019 19:31 Asia/Almaty
  • Джимми Картер: Трамптың қайта сайлануы апат болады

АҚШ-тың бұрынғы Президенті осы елдің халқынан алдағы президенттік сайлауда Дональд Трампқа дауыс бермеуді сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джимми Картер CNN-ге берген сұхбатында: "Дональд Трамптың АҚШ Президенті болып қайта сайлануы апат болмақ",-деді.

Соңғы айларда АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы қайраткерлерінің көбі Трампты сынап, оны біліксіз деп атады.

Дональд Трамптың бұйрықтары, шаралары, саясаттары, сөздері, жанжалды қатынастары мен көп жағдайда әдепсіз әрекеті АҚШ халқы мен саясаткерлердің оны президенттікке лайықты емес деп санауына себеп болды.