Зариф: Иранның Орталық банкіне санкция салу АҚШ-тың сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ тарапынан Иранның Орталық банкіне қайта санкция салынуын оның сәтсіздікке ұшырағанын көрсететінін айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Нью-Йоркте тілшілерге берген сұхбатында АҚШ тарапынан Иранның Орталық банкіне қайта санкция салынуын орталық банктердің иммунитеті туралы барлық халықаралық міндеттемелерді бұзу екенін айтып: «АҚШ бір институтқа әртүрлі атаулармен бірнеше рет санкция салып отыр. Бұл оның барынша қысым жасау саясатының жеңіліс тапқанын көрсетеді»,-деді.
Зариф: «АҚШ Иранның Орталық банкіне қайта санкция салу арқылы халықаралық алыс-беріске және Иран халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл қоюды көздеп отыр»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ-тың сәрсенбі күні өтетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына қатысу ықтималы туралы: «Мұндай мәселеге ұсыныс жасалмады. Алайда АҚШ комиссия отырысына қонақ немесе мүше ретінде қатысуы үшін алдымен Иранға қарсы экономикалық соғысын тоқтатуы тиіс»,-деді.