Ресей АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иран банктерімен әріптестігін жалғастырады
Қыр 21, 2019 16:04 Asia/Almaty
Ресей СІМ АҚШ-тың Иранның Орталық банкіне салған жаңа санкцияларына реакциясында: "Мәскеу Вашингтонның санкцияларына қарамастан, Теһранмен банк саласындағы әріптестігін жалғастырады",-деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ жұма күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Иран Орталық банкіне жаңа санкциялар салуына реакциясында оны заңсыз шара деп атады.
Ресей СІМ мәлімдемесінде: "Бұл санкциялар Мәскеудің Теһранға қатысты ұстанымы мен қатынасына мүлде әсер етпейді. Ресей бұрынғы жоспары бойынша Иранмен банк саласындағы әріптестігін жалғастырады",-делінген.
Тегтер