Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы керек
ИИР Президенті Рухани сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонмен Нью-Йорктегі кездесуінде еуропалық үш мемлекеттің жуырдағы мәлімдемесі мен Иранды негізсіз айыптау жобасын сынап, еуропалық үш елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшелері ретінде өз міндеттемелерін орындауы қажеттігін қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани кездесуде Лондонның Иранға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық пайдасын көру саласындағы өз міндеттемелерін орындамауын сынауымен бірге экономикалық тиімді жағдай қалыптастыруды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы міндеттемелерінің бірі екеніне тоқталып, еуропалықтардан аталмыш келісімдегі міндеттемелерін, әсіресе Еуропа мен Иран арасындағы INSTEX деген арнайы сауда желісін тезірек іске қосуды сұрады.
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон да Лондонның Теһранмен қарым-қатынастарын жақсартуға мүдделі екенін қуаттап, Ұлыбританияның әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдағанын, келешекте де қолдайтынын мәлімдеді.