«Үміт» коалициясы – айбынның шыңындағы Иранның бейбіт тілі
ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының жылдық сессиясында бүкіл ирандықтардың атынан бейбітшілік және «Үміт» коалициясы туралы сөз сөйлеп, Иранға қарсы кез келген авантюраға қатысты да ескерту жасады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 74-шы сессиясында АҚШ‑тың Батыс Азия аймағына қатысты жобаларының жеңіліс табатынын айтып, ИИР‑ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікпен күрес саласындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтары мен көмектерін шешуші сипатқа ие деп атады.
Иранның доктринасы мен саясаты әрдайым Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға негізделген. Иранның лаңкестікпен қатаң да әсерлі күресі мен Ормұз стратегиялық бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуін осы аяға жатқызуға болады.
Иран әрдайым жергілікті және аймақтық әлеуеттерге сүйеніп, Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағында тұрақты ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі жолдарды ұсынып келеді. Олардың негізі – аймақ елдерінің бір‑бірімен әріптестігі, өзара құрметі мен түсіністігі.
Иран Парсы шығанағының тыныштығын сақтау үшін әрбір қысылтаяң тарихи кезеңде диалог пен аймақ бейбітшілігі сияқты жобарларды ұсынды. Қазір осы бейбіт саясаттың жалғасында ИИР Президенті әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау миссиясына ие ұйымда «Үміт» коалициясын құруды ұсынды.
Рухани Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазының қауіпсіздігі, бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтап, дамуын қамтамасыз етудің Иранның тарихи міндеті екенін айтып, Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазындағы өзгерістер әсер ететін барлық елді "Үміт» коалициясына қосылуға шақырды.
Иранның бұл бастамасының мақсаты – Батыс елдері мен Парсы шығанағы аймағындағы елдер мен халықтардың қауіпсіздігін, бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтап, дамуын қамтамасыз ету. Бұл мақсатты орындау осы елдер арасында бітім жасалып, өзара түсіністік пен бейбіт қарым‑қатынастың орнатылуын қажет етеді.
Ортақ тіл, өзара түсіністік, ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастыққа құрмет білдіру, БҰҰ‑ның жарғысы мен принциптерін сақтау, диалог жүргізу, бір‑бірінің істеріне араласпай, бәрінен маңыздысы бір‑бірін түсіну «Үміт» коалициясының принциптерін құрайды.
«Үміт» коалициясының мақсаттары мен принциптері Иранның Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазында тұрақты тыныштық, қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге барынша талпыныс жасап жатқанын көрсетеді. Бұл принциптер Иранның Ормұз бұғазында кеме қатынасының еркіндігі, қуат көздерінің қауіпсіздігі және мұнайдың еркін тасымалы саласындағы саясатын толықтырады.