Рухани: Еуропалықтар уәделерінде тұра алмайтынын дәлелдеді
ИИР Президенті: «Еуропалықтар осы уақытқа дейін уәделерін орындамай, қауқарсыздықтарын немесе ықыластары жоқ екенін дәлелдеді»,- деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Нью-Йоркте өткен баспасөз отырысында Иранның Бас ассамблеяның сессиясы аясында «4+1» тобымен отырыс өткізгенін, топ мүшелерінің ядролық келісімнің жалғасуы үшін кепіл ұсыну жөнінде уәде бергенін хабарлады. Рухани сөзін жалғап: «Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалғысы келгенімен төлемді тек Иран төлейтін жағдай қабылдауға келмейді. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелерімен келіссөздері жалғасады. Бірақ егер олар міндеттемелерін орындамаса, Иран де келісімдегі өз міндеттемелерін азайтуды жағастырады»,- деді. Рухани АҚШ-тың Иран халқына барынша қысым жасау саясатына тоқталып: «АҚШ санкцияларымен Иран халқын өз Үкіметінен алыстатқысы келді. Бірақ ойлағанына жеткен жоқ. Дональд Трап күн сайын Иранның қоғамдық пікірінің оған деген жиіркенішін арттыратын жолды таңдады. АҚШ-пен келіссөз жүргізудің шарты бүкіл санкциялардың күшін жойып, мейілінше қысым көрсету саясатын тоқтатуда. Егер АҚШ алдын-ала қойған қате шарттарын алып тастаса, келіссөз жүргізілуі мүмкін»,- деді.
Рухани Иранның Сауд Арабиясының Арамко зауытына жасалған шабуылға қатыстылығы туралы уәждерге қатысты: «Басқаларды айыптайтындар құжат көрсетуге міндетті. Егер шабуыл оңтүстіктен жасалмай, солтүстіктен, шығыстан немесе батыстан жасалған болса, бұл туралы уәж айтатындар дәлелдейтін құжаттарын көрсетсін»,- деп баса айтты.