«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруда еуропалық елдер дәрменсіз
ИИР Президенті Хасан Рухани: «Еуропалықтар осы уақытқа дейін уәделерін орындамай, қауқарсыздықтарын немесе ықыластары жоқ екенін дәлелдеді»,- деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні АҚШ-тан еліне аттанардан бұрын Нью-Йоркте өткен баспасөз отырысында: «Еуропа елдері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалғысы келгенімен, құнын тек Иран төлейтін жағдай қабылдауға келмейді. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелерімен келіссөздері жалғасады. Бірақ, егер олар міндеттемелерін орындамаса, Иран да келісімдегі өз міндеттемелерін азайтуды жалғастырады»,- деді.
АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалық елдер өздерінің айтуы бойынша, "Еуропаның қауіпсіздігі үшін" маңызды келісімді қорғай алмады. Дәл осы мәселе Иранның аталмыш келісімдегі өз міндеттемелерін азайту саясатын ұстануына себеп болды. Өйткені барлық тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға міндетті. Бірақ АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң еуропалық елдер келтірілген шығынның орнын толтыра алмады. Соңында Иран бір жыл стратегиялық сабыр сақтап, келісімдегі механизмдерді пайдаланып, өз міндеттемелерін азайтуға шешім қабылдады. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы негіздері бойынша, өз міндеттемелерін азайтып, осы уақытқа дейін бұл салада үш қадам жасады. Иранның үшінші қадамы көптеген реакцияларға тап болды. Иран міндеттемелерін азайту қадамдарымен жан-жақты келісімді тек Иран ғана емес, оның басқа мүшелері де орындауға міндетті екенін қуаттап отыр.
Иран Президенті БҰҰ-ның Нью-Йорк сапарының соңында жариялағандай, еуропалық елдердің басшыларымен келіссөз өткізу талпыныстарының кебйіреуі нәтижеге жетпегенімен келіссөздердің жолы ашық. Иран өз міндеттемелерін азайту саясатымен бірге міндеттемелерді іске асыру теңгерімін орнатып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға талпыныс жасауда. Енді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталуы еуропалықтардың АҚШ-қа қарайламай, тәуелсіз әрекет етуіне байланысты. Еуропалық елдер өткен бес айда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты жаңа әрекеттерін бастағанымен, уәделерін жүзеге асырмай, Иран халқына қарсы АҚШ-тың әділетсіз санкцияларына қосылды.
Осы салада Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні Эксперттер кеңесінде елдің таңдаулыларымен кездесуінде: «Еуропалықтар өз уәделеріне керісінше әрекет етіп, іс жүзінде АҚШ‑тың санкцияларын ұстанып, ешқандай шара қолданбады. Бұдан кейін де ИИР үшін бірдеңе істейтіндеріне күмәнім бар. Сондықтан еуропалық елдерден мүлде үміт үзу керек»,‑ деді.