Сауд режимі – аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төнген алапат қатер
(last modified Sat, 28 Sep 2019 11:39:25 GMT )
Қыр 28, 2019 17:39 Asia/Almaty
  • Сауд режимі – аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төнген алапат қатер

Иранның БҰҰ-дағы өкілі Исхақ Але Хабиб Арабиясы Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы сөздеріне реакциясында Сауд режимін аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін алапат қатер деп атады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Ибраһим бен Абдулазиз бен Абдулла әл-Ассаф БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Иранның Сауд Арабиясындағы Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысы бар деп уәж айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исхақ Але Хабиб жұма күні кешке  саудиялық үстемшілдердің Иранға қарсы уәж айту арқылы өздерінің үздіксіз жеңілістерін үнемі жасыра алмайтынын айтып: "Ирандықтар Парсы шығанағы аймағында тұрақтылық орнату үшін аймақтық диалогты қалап отырған кезде саудиялықтар өздерінің сұрқия шаралары мен саясаттарын жүргізуді қоймай отыр",-деді.

Але Хабиб саудиялықтардың әлемнің түкпір-түкпіріне экстремизмді тарату үшін миллиардтаған доллар жұмсағанын айтып: "Сириядағы ДАИШ пен соған қарасты лаңкестерге миллиардтаған доллар тұратын қару-жарақ жіберуі, 11 қыркүйек оқиғасына қатыстылығы, Йеменге шабуыл жасап, бұл елді қоршауға алып, ваххабизмді таратуы Сауд режимі қылмыстарының бір бөлігі ғана",-деді.