Иран мен Армения экономика саласындағы ынтымақтастықтарын арттырады
ИИР мен Армения Президенттері Ереванда екі елдің жеке секторының байланыстарын арттыру, екіжақты және аймақтық экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
Parstoday сайтының мәліметі бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке Еуразия Одағы басшыларының саммитіне қатысу мақсатында Арменияға жасаған сапарында ел Президенті Армен Саркисянмен кездесіп, Теһран мен Ереванның әрқашан достық қарым-қатынастарға ие болғаны мен екі ел байланыстары деңгейінің дамуына тоқталып, көршілес елдермен, соның ішінде Армениямен достық қарым-қатынасты арттыруды ИИР-ның сыртқы саясатының негізі деп атады. Рухани сондай-ақ Еуразия Экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты маңызды деп атап: «Иранның Еуразия аймағының экономикалық қарым-қатынастарына қатысуы екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ аймақ деңгейіндегі ынтымақтастықтар мен экономикалық жұмыстарды нығайту үшін қолайлы мұрсат бола алады»,- деді.
Армен Сарксян да кездесуде сөйлеген сөзінде: «Еуразия аймағының белсенділігі қазіргі деңгейден арта алады. Ереван осы салада Теһранмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға дайын және азат аймақтарының жұмыстарын қолдайды»,- деді.