Иран мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты кеңейтеді
(last modified Wed, 02 Oct 2019 03:27:43 GMT )
Қаз 02, 2019 09:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты кеңейтеді

Иран мен Қазақстан Президенттері екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту жолдары мен аймақ пен әлемдегі ең маңызды өзгерістер жайлы сөйлесіп, екі елдің ынтымақтастықтарын нығайту қажеттігін қуаттады.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитіне қатысу үшін Арменияда сапармен жүрген Хасан Рухани сейсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Теһранның Нұр-Сұлтанмен саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтуді қолдайтынын қуаттап: "Иранның Еуразия Экономикалық одағымен ынтымақтастығын бастауы Одақ мүшелерінің өзара, сондай-ақ Қазақстан мен Иранның экономикалық қарым-қатынастарын кеңейту үшін өте қолайлы мұрсат",- деді. Рухан сонымен бірге Каспий теңізінің жағалауындағы елдер үшін бейбітшілік пен достық теңізі және ешбір шетелдік күштің бұл теңізде орналаспауы керектігін баса айтып: "Иран Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау және жағалауындағы елдердің теңіздің туристік және экономикалық әлеуетін пайдалануына жағдай жасауға дайын",- деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев та кездесуде ИИР өз елі үшін сенімді әрі өте жақсы көршілес ел деп атап, Қазақстанның Иранмен жан-жақты жоғары деңгейдегі ынтымақтастық пен қарым-қатынас  орнатуды көздейтінін мәлімдеді.