Рухани: Халықаралық қоғамға аймақтық жан-жақты экономикалық ынтымақтастық қажет
(last modified Wed, 02 Oct 2019 09:22:16 GMT )
Қаз 02, 2019 15:22 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықаралық қоғамға аймақтық жан-жақты экономикалық ынтымақтастық қажет

ИИР Президенті Рухани мемлекеттердің экономикалық қарым-қатынастарындағы көптеген қиындықтарына, кедейліктің күн сайын артуы мен қауіпсіздік, миграция, әлемдегі экономикалық дамудың төмендеуі сияқты мәселелерге тоқталып, халықаралық жүйе үшін аймақтық жан-жақты экономикалық ынтымақтастықтың қажет екенін мәлімдеді.

Хасан Рухани кеше Еревандағы Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде Иран мен аталмыш Одақ арасында жасалған сауда келісімін Теһранның сындарлы көзқарасы  мен аймақтық жан-жақты экономикалық-сауда қарым-қатынастарын дамытуға көмектесу жігеріне иелігінің белгісі деп атады. Рухани халықаралық қоғамның АҚШ-ның дұшпандық және біржақты ұстанымына қарсы қатаң шешім қабылдап, шара қолдану қажеттігін қуаттап: «АҚШ соңғы жылдары біржақты ұстанымы, халықаралық міндеттемелерге немқұрайдылық танытуы және екіжақты келісімдерді бұзуымен басқа елдерді, соның ішінде Қытай мен Ресейді, сондай-ақ, өз одақтастарын нысанаға алды. АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мен долларды қару ретінде пайдалануы экономикалық лаңкестікке соқтырып, қарапайым халықтың тұрмысына қиындық тудырып отыр»,- деді.