Қаз 04, 2019 17:17 Asia/Almaty
  • Иран газ экспорттаушы елдер арасындағы әріптестікке мүдделік танытты

Иран Мұнай министрі Зангане газ экспорттаушы елдер арасындағы әріптестікке мүдделік танытты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Бижан Намдар Зангане бейсенбі күні Мәскеуде газ экспорттаушы елдер министрлерінің 21-ші отырысында АҚШ пен оған бағынышты кейбір аймақтық режимдердің бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып, санкция салу мен қақтығыс тудыруға бағытталған тиімсіз саясаттың әлем экономикасына салдарын тигізетінін мәлімдеді.

Намдар Зангане Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) басты міндетін қуат көздерінің үйлесімділігін сақтау және даму жолында газбен тұрақты қамтамасыз ету деп атап, осы міндетпен бірге қоршаған орта мәселелеріне көңіл аударып, газ саласында туындап отырған түйткілдермен күресу керектігін баса айтты.   

Иран Мұнай министрі GECF-ке мүше елдердің мүдделерін қорғауды және кейбір аупауыт елдердің қысымдары мен көзқарастарын таңуына қарсы тұруды қажеттілік деп атап: «Энергетикалық қауіпсіздік, мұнай-газ бен басқа да қуат көздерінің еркін тасымалын қамтамасыз ету барлық елдердің мүдделерін сақтау аясында жүзеге асырылуы керек»,-деді.  

 

 

Тегтер