Иранда бір ресейлік тілші қамауға алынды
(last modified Sat, 05 Oct 2019 09:37:39 GMT )
Қаз 05, 2019 15:37 Asia/Almaty
  • Иранда бір ресейлік тілші қамауға алынды

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова кеше, жұма күні Facebook-тегі парақшасында: "Жаңа ғана ақпарат құралдарына хабарладым. Теһрандағы ресейлік тілші Юлия Юзикке қатысты Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаи оқиғаның жай-жапсарын түсіндіріп, қамауға алынған Ресей азаматының құқығын қамтамасыз ету үшін Ресей СІМ-не шақырылды",-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің 2-теларнасы Теһрандағы елшілігінің ақпарат хатшысына сілтеме жасап, Юлия Юзиктің Иранда қамауға алынғанын хабарлап, оны тілші деп таныстырды.

Ресей мемлекеттік телеарнасы 36 жастағы Юлия Юзиктің Иранда Израиль тыңшылық ұйымдарымен әріптестік жасады деп айыпталып отырғанын хабарлады.

Ресейдің "Спутник" ақпарат агенттігі ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сейіт Аббас Мусавидің жұма күні осы агенттіктің Теһрандағы тілшісімен қысқа сұхбатында Юлия Юзиктің кейбір мәселелер жөнінде түсініктеме беру үшін шақырылғанын, жуық арада босатылатынын айтқанын хабарлады.