Қаз 05, 2019 19:37 Asia/Almaty
  • Иранның волейбол командасы әлем чемпионатында екінші жеңіске жетті

Иранның ұлттық волейбол командасы 2019 жылы Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында Аустралия ұлттық командасымен бәсекеге түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Ирандық волейболшылар Ресей мен Мысыр командаларынан жеңілген соң жұма күні Канада командасымен ойында алғашқы жеңіске қол жеткізді.

Иран волейбол командасы әлем чемпионатының төртінші күнінің соңында екі ұтыс, екі ұтылыспен 7-ші орында тұр. 

 

Тегтер