Америкаға сүйену салдарынан Сирия күрдтері Түркияның шабуылында жалғыз қалды
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 19 желтоқсан күнгі тосын шешімінде америкалық күштерді Сириядан шығаратынын жариялады. Бұл мәселе АҚШ олардың одақтасы саналатын Сирия күрдтерінің алаңдаушылығына себеп болды.
Вашингтон Түркияның ықтималды шабуылы туралы күрдтерге ескерту жасағанымен, Ақ үй бұрынғы ұстанымына қайшы күрдтердің алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ екенін әшкере жариялады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм кеше 7 қазанда: "Түркия жақында бұрыннан жобалап жүрген Сирияның солтүстігіне шабуылын бастағысы келеді. АҚШ қарулы күштері бұл әрекетті қолдамайды және оған қатыспайды",- деп мәлімдеді. Бұл хабар АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні кешке Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы пікір алмасып, оны Вашингтонға шақырған соң жарияланды. Бүгінде бір мыңнан астам америкалық әскери Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан. Олар Түркия ПКК лаңкестік тобына тәуелді деп санайтын күрд күштерінің бірліктерімен (YPG) тығыз байланыста. Осылайша Вашингтон өзінің күрд одақтасын Түркияның шабуылының алдында жалғыз қалдырды. "Нью-Йорк таймс" газеті: "АҚШ-тың Сириядан шығуының ең үлкен ұтылушысы күрд күштері болады",- деп жазды. Түркия біраздан бері АҚШ-пен Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құру туралы кеңесулер өткізіп, 7 тамызда Түркия мен АҚШ әскери қолбасшылары бұл қауіпсіз аймақты құру туралы келісімге келді. Анкара келісімнің мақсаты Түркиядағы сириялық босқындарды отанына қайтару деген уәж айтты. Вашингтон бірнеше жыл бойы Сирияның демократиялық күштері және күрд жасақтарымен бірге өз күштерін Сирияның солтүстігі мен солтүстік-шығысында орналастырып, ДАИШ-пен күрес туралы уәжденді. Түркия Сирияның халық қорғаушы бірліктерін лаңкестік топ деп санаса, АҚШ күрд жасақтарын ДАИШ-ке қарсы соғысындағы өзінің одақтасы санап, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етті. Енді АҚШ-тың Түркияның шабуылына реакция білдірмеуі Вашингтонның күрд одақтастары үшін үлкен соққы болды. Бұл мәселе АҚШ-тың аймақтағы Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі немесе Сирия күрдтері сынды одақтастары үшін еш уақытта сенімді одақтас болмағанын және оларды тек құрал ретінде пайдаланғанын көрсетеді. Трамп сан рет Сауд Арабиясыын "сауын сиыр" деп атап, қазір де сол елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы төлеуді талап етуде. Негізінде АҚШ Израильден басқа ешбір одақтасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еш әрекет жасамайды.