Трамп Ердоғанға дипломатиялық әдепке қайшы хат жазды
https://itolqyn.com/news/world-i43898
Америка президенті Түркия президентіне жазған хатта әдептен тыс, дипломатиялық негіздерге қайшы сөздерді қолданып, одан ақымақ болмауды сұраған.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2019 18:40 Asia/Almaty
  • Трамп Ердоғанға дипломатиялық әдепке қайшы хат жазды

Америка президенті Түркия президентіне жазған хатта әдептен тыс, дипломатиялық негіздерге қайшы сөздерді қолданып, одан ақымақ болмауды сұраған.

Fox News агенттігінің хабарлауы бойынша Дональд Трамп хатта Режеп Тайып Ердоғанға ақымақ болмауды, Сирияда қырғын ашпауды сұрап, кері жағдайда Америка Түркияның экономикасын тұралатып тастайтынын жазған.  

Түркия Үкіметі Трамптың Ердоғанға өткен аптада жазған бейресми хатына білдірген алғашқы реакцияда хаттың мазмұнын қабылдамауымен қатар оны қоқыс шелегіне тастағанын мәлімдеді.