Қаз 25, 2019 14:54 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам»  бағдарламасы бойынша міндеттемелерін азайтуды жалғастырады

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Еуропа өз міндеттемелеріне берік болмаса, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша міндеттемелерін азайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Аббас Арақчи бейсенбі күні кешке Франция жобасы мен ИИР Президенті Хасан Руханидің Нью-Йорктегі келіссөздеріне тоқталып: «Иран дағдарысты бейбіт жолмен шеше алатын кез келген идея мен бастаманы әрдайым қолдайды»,-деді.

Арақчи, сондай-ақ, АҚШ-тың біржақты саясаттары мен бұл ел «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Еуропаның іс жүзінде өз міндеттемелерін орындауда қауқарсыз болып отырғанын сынап: «Егер Иранның талап-тілектері орындалмаса, Теһран осы келісімнің 36-тармағына сәйкес өзі міндеттемелерін азайтуды жалғастырады»,-деп қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков та АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарын бұзғанына тоқталып: «Ресей бұл бағдарламаны көпжақты үлкен жетістік ретінде қолдап, оның сақталуына күш салады»,-деді.

 

Тегтер