Қаз 26, 2019 18:21 Asia/Almaty
  • Үстемшілдердің Иран мен Кубаның табандылығына бас июден басқа амалы жоқ

ИИР Президенті Әзірбайжан республикасында кубалық әріптесімен кездесуде: "Үстемшіл алпауыттардың Иран мен Кубаның табандылығы алдында бас июден басқа амалы жоқ",-деді.


IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани жұма күні кешке Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммиты аясында Куба Президенті Мигель Диас-Канельмен кездесуінде: "Иран Куба халқын күрескер халық санайды. Иран мен Куба бүгінде өз тәуелсіздігінің құнын төлеп жатыр",-деді.

Куба Президенті де өз елінің АҚШ-тың Иранға қарсы жауластық саясаттарын әрдайым айыптап келгенін айтып, Кубаның әрқашан Иран халқы мен үкіметінің арман-мақсаттарын қолдайтынын мәлімдеді.

Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 18-ші саммитына қатысу үшін Әзірбайжан республикасына барған ИИР Президенті жұма күні кешке Теһранға оралды.

Рухани Бакуде Әзірбайжан, Венесуэла мен Пәкістан басшылары, Малайзия мен Бангладеш министрлері және Алжирдің уақытша Президентімен екіжақты кездесулер өткізіп, қос жақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде сұхбаттасты.

 

Тегтер