Трамп мұнай саласында Иранға қарсы қатынасын жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/world-i44017
Ақ үйдің Иранға қарсы жауластық шараларының жалғасында АҚШ Президенті Иран мұнайына салған санкцияны қатаң жүзеге асыруды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 26, 2019 20:57 Asia/Almaty
  • Трамп мұнай саласында Иранға қарсы қатынасын жалғастыруда

Ақ үйдің Иранға қарсы жауластық шараларының жалғасында АҚШ Президенті Иран мұнайына салған санкцияны қатаң жүзеге асыруды талап етті.

 

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп сенбі күні мәлімдемеде мұнай нарығындағы жағдайға тоқталып, Иран мұнайына салған санкцияны қатаң жүзеге асыруды талап етті.

Дональд Трамп бұл мәлімдемеде Иранға қарсы мұнай санкцияларының жағдайын АҚШ Сыртқы істер министрі Майк Помпео, Қаржы министрі Стив Мнучин мен Энергетика министрі Рик Перриге ұлттық қорғаныс өкілеттіктері заңы негізінде жариялады.

Трамптың бұл мәлімдемесі Иранның шетелдік қаржы институттарымен мұнай саудасын азайту мақсатында жасалды.

Трамп пен Ақ үй қайраткерлерінің Иранға қарсы шараларына қарамастан, Еуропа елдері, Қытай мен Ресей, сондай-ақ Иран мұнайын сатып алушылар Теһранмен сауданы жалғастыра береді.