Адам құқығын бақылау ұйымы Американың Иранға қарсы санкцияларын сынады
(last modified Wed, 30 Oct 2019 07:10:41 GMT )
Қаз 30, 2019 13:10 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылау ұйымы Американың Иранға қарсы санкцияларын сынады

Адам құқығын бақылау ұйымы Американың Иранға қарсы санкцияларының салдарлары ирандықтардың денсаулықтарына зиян келтіріп жатқанын мәлімдеді.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Адам құқығын бақылау ұйымы кешегі есебінде Америка үкіметінің Иранға қарсы санкциялары осы елге қажет дәрі-дәрмек импортын қатаң шектегенін мәлім етті.  
Америк үкіметі Иранға гуманитарлық тауарлар импортын санкциядан босатқаны туралы уәж айтқанымен Адам құқығы ұйымы өз есебінде америкалық және еуропалық компанияларының қаржы транзакциялары салдарынан Иранға дәрі-дәрмек экспорттау мүмкіндіктері жоқ екенін атап айтты.

Адам құқығы ұйымының Таяу Шығыс бөлімінің директоры Сара Ли Витсон да "Америка президенті Дональд Трамп үкіметінің басшылары Иран халқының қасында тұрмыз деп уәж айтқанымен, Американың кең ауқымды санкциялары Иран халқының денсаулығына зиян келтіріп, қажет дәрілерге қол жетімділікті шектеп отыр", - деді.