Трамп өзіне қарсы импичмент процесін бастаудың мақұлдануына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i44096
АҚШ президенті Өкілдер палатасының оған қарсы импичмент процесін бастауды мақұлдануына реакция білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Трамп өзіне қарсы импичмент процесін бастаудың мақұлдануына реакция білдірді

АҚШ президенті Өкілдер палатасының оған қарсы импичмент процесін бастауды мақұлдануына реакция білдірді.


Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ Өкілдер палатасы оған қарсы импичмент процесін жалғастыруға оң дауыс берген соң Твиттерде: «АҚШ тарихындағы ең үлкен жалған ойын басталды»,- деп жазды. Бұдан бұрын Нэнси Пелоси басқарған АҚШ-тың Өкілдер палатасының 232 өкілі Дональд Трампқа импичмент жариялау жобасын талқыға салуға келісті. Алайда 196 өкілі бұл жобаға қарсылық білдірді.   Өкілдер палатасы  Дональд Трампқа импичмент жариялау жобасын талқыға салуды қолдауымен бірге бұл зерттеулердің келесі қадамдарының егжей-тегжейін белгілеген қарар бекітті.

Трамп  25 шілдеде Украина Президенті Владимир Зеленскиймен «Украина гейт» туралы телефон арқылы сөйлескен соң, АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси Трампқа қарсы импичмент жариялау процесін бастауды бұйырды.