Путин 10 генералды отставкаға жіберді
Қар 05, 2019 15:24 Asia/Almaty
Ресей Президенті 10 генералды қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды.
РИА-Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Президентінің кеңсесі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Владимир Путиннің 10 генералды қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Осы мәлімет бойынша, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдай министрлігінің жоғары лауазымдыларының қатарында болған бұл генералдар парақорлық, жемқорлық және алаяқтықпен айыпталып, қызметтеен босатылды. Ресми түрде айып тағылған генералдардың кейбіреуін бұрын Ресейдің сот органдары айыптап, олардың қылмыстары расталған болатын. Ресей үкіметі соңғы жылдары жемқорлықпен күрес саласында үлкен жұмыс жасады.
Тегтер