Путин 10 генералды отставкаға жіберді
https://itolqyn.com/news/world-i44147-Путин_10_генералды_отставкаға_жіберді
Ресей Президенті 10 генералды қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 05, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Путин 10 генералды отставкаға жіберді

Ресей Президенті 10 генералды қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды.

 

РИА-Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Президентінің кеңсесі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Владимир Путиннің 10 генералды қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Осы мәлімет бойынша, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдай министрлігінің жоғары лауазымдыларының қатарында болған бұл генералдар парақорлық, жемқорлық және алаяқтықпен айыпталып, қызметтеен босатылды. Ресми түрде айып тағылған генералдардың кейбіреуін бұрын Ресейдің сот органдары айыптап, олардың қылмыстары расталған болатын. Ресей үкіметі соңғы жылдары жемқорлықпен күрес саласында үлкен жұмыс жасады.