Лавров: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайына АҚШ кінәлі
Ресей Сыртқы істер министрі: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі алаңдатарлық жағдайы АҚШ-тың осы ядролық келісімдегі міндеттемелерінен бас тартуы мен оған мүше басқа елдерден де одан бас тартуды талап етуінен туындап отыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров сәрсенбі күні Грекия Сыртқы істер министрі Никас Дандиаспен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: "Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы төңірегінде қалыптасқан жағдайға қатты алаңдап отыр. Алаңдаушылық АҚШ-тың ядролық келісімнен шығу туралы түйткілді шешім қабылдағанынан кейін басталды",-деді.
Лавров АҚШ-тың осы келісімге қатысты Еуропаға жасап жатқан қысымдарына тоқталып: "Еуропа елдері АҚШ-тың қысымымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайына Иранды кінәлі деп көрсетуге талпынып жатыр.
АҚШ өз міндеттемелерін бұзып, халықаралық заңдарды бұзып қана қойған жоқ, қоқан-лоққы мен санкциялар арқылы әлемнің басқа елдерін де бұл келісімді орындаудан қорқытып отыр",-деді.