Қар 08, 2019 18:37 Asia/Almaty
  • Әлемдік қарыз 188 трлн доллардан артты

Халықаралық валюта қоры әлем мемлекеттері қарыздарының 188 трлн доллардан артқанын жариялады.

 

ХВҚ басшысы Кристалина Георгиеваның айтуынша, дамыған экономикалардың қарызы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғарғы деңгейге жетті. Бұл әлемдік кірістен 230 есе жоғары.  Кристалина Георгиева: «Кірісі төмен мемлекеттердің өткен 5 жылда қарыздары арта түсті. Әлемнің көптеген компаниялары мен отбасылары шығынға батты»,- деді.

АҚШ жалпы 23 трлн доллардан астам қарызымен әлемнің ең қарыздар мемлекеті.

 

 

Тегтер