Америкалық қарудың Йеменге жасырын жеткізілгені анықталды
https://itolqyn.com/news/world-i44190
Ақпарат құралдары өткен аптада америкалық қару-жарақтардың саудиялық кемемен Йеменнің оңтүстігіне жасырын жеткізілгенін әшкереледі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 08, 2019 19:34 Asia/Almaty
  • Америкалық қарудың Йеменге жасырын жеткізілгені анықталды

Ақпарат құралдары өткен аптада америкалық қару-жарақтардың саудиялық кемемен Йеменнің оңтүстігіне жасырын жеткізілгенін әшкереледі.

CNN телеарнасы бейсенбі күні кешке АҚШ жасаған  Oshkosh бронетехникасының түнгі кезеңде Йеменнің оңтүстік-батысындағы Аден портына енгізілгені туралы жасырын түсірілген  бейнематериалға қол жеткізгенін мәлімдеді. CNN телеарнасы бұл мәліметті әшкерелеген адамдардың сөздері мен Аден портының құжаттарына сүйеніп, Йеменге АҚШ-тың қару-жарағын жеткізген кеменің саудиялық Bahri Hofuf кемесі болғанын мәлім етті. Мәліметтер бойынша, бұл кеме 29 қазанда Аденге келерден бұрын радарлық жүйесін сөндіріп қойған.