Қар 10, 2019 19:19 Asia/Almaty
  • Ирандық суретші бала Испанияда өткен жарыста құрметті жеңімпаз атанды

Ирандық суретші бала Амирәли Рашидиан Испанияның Бейбітшілік және ынтымақтастық қорының 2018 жылы өткізген "Сурет және постер" халықаралық жарысының құрметті жеңімпазы дипломын алды.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, 8 жастағы ирандық суретші Амирәли Рашидианның туындысы әлемнің 35 елінен келген 4141 суреттің арасынан таңдалды.

Испанияның Бейбітшілік және ынтымақтастық қорының 2018 жылы өткізген "Сурет және постер" халықаралық жарысы "Кеңістік – адамзаттың ортақ мұрасы" тақырыбында өткен болатын.  

 

Тегтер