АҚХА Иранның қосымша хаттаманы өз еркімен орындағанын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i44247
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұрыс орындалуы жөнінде мәлімдеме жариялағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 12, 2019 17:21 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның қосымша хаттаманы өз еркімен орындағанын мойындады

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұрыс орындалуы жөнінде мәлімдеме жариялағанын хабарлады.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Казем Ғарибабади кеше дүйсенбіде: «АҚХА-нің жаңа мәлімдемесі бойынша, Иран Форду нысанында UF6 уранын байытуды бастап, уран байыту дегейін 4,5 пайызға жеткізді»,- деді. Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі әрі елшісі АҚХА-нің жаңа мәлімдемесінде Иранның 3 қарашаға дейін байытылған уран қорын 372,3 кг деп жарияланғанына сілтеме жасап: «Агенттік мәлімдемесінде Иранның жаңа центрифугалар орнатқанын да жариялады»,- деді. Ғарибабади Агенттіктің тиісті қолжетімділікке ие екенін қуаттағанына тоқталып: «Агенттік Иранның қосымша хаттаманы өз еркімен және уақытша орындауды жалғастырып, жұмыстарын дұрыс орындап жатқанын мойындады»,- деді.