Қар 12, 2019 20:55 Asia/Almaty
  • Еуропа міндеттемелерін орындамағанына қарамастан талаптарын қайталауда

Еуроодақ пен еуропалық мемлекеттер «үштігі» (Германия, Франция және Британия) 4+1 тобының мүшелері ретінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін сан рет қуаттады. Осы кезде олар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асырмағаны және бұл салада жұмыс жасамағанына қарамастан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуына байланысты Иранға ескерту жасап жатыр.


 

 

Германия, Франция және Британия Сыртқы істер министрлері Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могеринимен бірге 11 қарашада ортақ мәлімдеме жариялап, Иранның "Форду" ядролық нысанындағы уран байыту жұмыстарына алаңдаушылық білдірді. Олар   Иранның "Форду" нысанындағы соңғы күндердегі жұмыстарын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деген ядролық мәселе жөніндегі келісімнен алыстауды жылдамдату деп атады. Еуропалықтар өздері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамай отырмаған жағдайда алаңдаушылық білдіріп отыр. Еуропалық «үштік» пен Еуропа Одағы  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі теріске шығаруға болмайтын рөлін қуаттағанымен олар осы келісімдегі міндеттемелерін орындау үшін тиімді шара қабылдаған жоқ.   

Еуропалықтар АҚШ-қа қатты тәуелді болғандықтан іс жүзінде кейбір талпыныстарына қарамастан тіпті Иран мен Еуропа арасындағы сауда айналымын қолдауға арналған қаржы механизмі INSTEX-ті іске асыра алмады.
Айта кететін жайт,  еуропалықтар Теһранға негізсіз талап қойып, Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындауды жалғастыру қажеттігін бірнеше рет қуаттады. Олар өздеріне "АҚШ санкцияларының теріс әсерлерін азайту үшін ешқандай әрекет жасамай, Ираннан өз міндеттемелерін біржақты орындауды неліктен талап етеміз?" деген  сұрақ қоймайтын сияқты. Еуроодақ пен еуропалық «үштіктің» көтерген келесі бір мәселеcі  Иранның   уран қорының мөлшерін, рұқсат етілген уран байыту деңгейі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта қарауы болды.

Еуропалықтар Теһраннан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толық табанды болу туралы талап қою үшін бұл келісімдегі өз міндеттемелерін іске асыру жолында қандай әрекет жасады? Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қай міндеттемесін орындамады? Еуропалықтардың мәлімдемесіндегі жаңа мәселе олардың Иранға ескерту жасауы болды.  

Дегенмен еуропалықтар 2018 жылдың 8 мамырында Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, бұл елге қарсы біржақты санкцияларын қайтарғаннан кейін Иранның қарсыласып, Вашингтонның заңсыз талаптарына бағынбағанын ұмытпауы керек.

 

 

Тегтер