БҰҰ АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларын сынады
(last modified Wed, 13 Nov 2019 11:44:00 GMT )
Қар 13, 2019 17:44 Asia/Almaty
  • БҰҰ АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларын сынады

БҰҰ Бас хатшысы ақпарат өкілінің орынбасары АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларына реакциясында Вашингтоннан Халықаралық әділет сотының үкімдерін орындауды сұрады.

 

Фарһан Һақ сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта АҚШ-тың дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтар саласында Иранға салған санкциялары салдарынан 15 науқастың қайтыс болғанын айтып: "АҚШ пен барлық елдер бұл салада Халықаралық әділет сотының шешімдерін орындауы керек",-деді.

Халықаралық әділет сотының үкіміне сәйкес, 2018 жылдың қазан айында АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық экспорттауға қойған кедергілерін жоюға тиіс болатын.

EB деп танылған Epidermolysis bullosa ауруы – генмен берілетін ауру. Ол адам терісі мен шырышты қабығында күлдіреу тудырады. Бұған шалдыққан адамдар тері обырына душар болады.