Зариф: ДАИШ Азия аймағы үшін қауіпті
Қар 15, 2019 18:03 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Ауғанстандағы ДАИШ мүшелері Тәжікстан мен Арменияда әрекеттерін жүзеге асырғанын айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф India Today телеарнасына берген сұхбатында: "ДАИШ лаңкестік тобы тек бір елге ғана төнген қауіп емес, бүкіл аймақ үшін қатер.
ДАИШ – Үндістан, Пәкістан, Ресей мен Қытайға төнген қауіп. Бұл елдер осы лаңкестік топпен бірігіп күресуі керек.
ДАИШ-тың қайтып оралуы Иран, Үндістан мен Пәкістан үшін қауіпті. Бұл лаңкестік топ өз базаларын Ирак пен Сириядан Ауғанстанға ауыстырып жатыр.
Ауғанстанда барлық елдерді алаңдатып отырған аудандар бар. Өйткені ДАИШ тек бір ел үшін ғана төнген қауіп емес",-деді.
Тегтер