Трамп пен Ердоған Ақ үйде кездесті
Түркия Президенті Ақ үйде өзінің америкалық әріптесімен кездесті.
Бұл кездесу Түркия армиясының Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ-тың одақтасы күрдтерге шабуылынан тура бір ай өткенде орын алды.
Бұл шабуыл АҚШ күштерінің аймақтан кері шегінетінін жариялағаннан кейін басталды.
Ердоған мен Трамтың кездесуі Түркияның Ресейден С-400 зымырандарын сатып алып жатқан жағдайда орын алды. Бұл да Түркия мен АҚШ арасындағы қайшылықтың басты себептерінің бірі.
Трамп өзі мен Ердоғанның жақсы достар екенін айтқанымен, олардың С-400 зымырандары мен Сирия мәселесіне қатысты қайшылықты шешуге бағытталған кездесуі жеңіліс тапты.
Ақ үйдің Түркия басшылары мен армиясына санкция салу туралы мәлімдемесінен кейін республикашыл сенаторлар Түркияға қысымды арттырамыз деп қоқан-лоққы жасады.
Шынымен-ақ, Трамп Ердоғанды Ақ үйге шақырғаннан қандай мақсат көздеді?