Лариджани: Америкалықтар Иран халқына соққы беруді көздеп отыр
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранда қоғамдық мүліктерді бұзып, өртеген бүлікшілерді қолдаған ішкі іске араласушы сөздеріне тоқталып: "Америкалықтар Иран халқына соққы беруді көздеп отыр",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында: "АҚШ Мемлекеттік хатшысы ұялмай, ақмақтықпен жағдайды пайдалануды көздеп, ашық түрде халық мүлкінің өртелгенін қолдап, мұны Иран халқын қорғау деп атады",-деді.
Лариджани америкалықтардың мақсатының елде бүлік шығарып, Иран халқын жоюдан басқа ештеңе емес екенін айтып: "Иран халқы асқан қырағылықпен дұшпандардың бұл қастандығын да залалсыздандырады",-деді.
Иранда бензиннің бағасы өсіп, екі баға белгіленгеннен кейін болған халықтың бейбіт наразылықтары кейбір бүлікшілердің теріс пайдалануымен жолынан тайды.