Ресейлік туристердің Иранға сапар шегуге ықыластары артуда
Қар 27, 2019 13:41 Asia/Almaty
Ресей туроператорлары ассоцияциясының директоры Майя Ломидзе ресейлік туристердің Иранға сапар шегуге ықыластарының артқанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ресейлік туристердің Иран сапарын ұйымдастырушы туркомпаниясының қызметкері Валерия Коровина Иранды «ашық аспан астындағы кең мұражай» деп атап: «Иранның жүздеген туристік тартымдылықтары елді әлемнің ең әдемі туристік жерлерінің біріне айналдырды. Ресейлік туристердің көбі Иранға сапар шегіп, бұл елді ұнатып, ақпарат құралдарындағы барлық теріс үгіт-насихаттарды ұмытып, барған сапарларына риза болады»,- деді.
2018 жылы 7800000 шетелдік турист Иранға келді. 2019 жылы шетелдік туристердің саны 10 миллионға жетеді.
Тегтер